Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
Волонтерлік пен қайырымдылықты қолдау Конституцияда маңызды бағыттардың бірі ретінде айқындалды. Бұл қоғамдық бастамаларды дамытуға және еріктілер қозғалысын нығайтуға мүмкіндік береді. Шымкентте де 12 мыңға жуық ерікті жастар әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық жобаларға белсенді атсалысып жүр. Олардың бастамалары қоғамдағы өзара көмек пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Конституциялық деңгейдегі қолдау волонтерлік жұмысты жүйелеп, әлеуметтік жобалардың ауқымын кеңейтуге жол ашпақ.
Жансерік Жұман, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы:
Еліміздің Ата Заңы - Конституцияның отыз бірінші бабының екінші тармағында волонтерлік қозғалыс пен қайырымдылыққа ерекше мәртебе беріліп отыр. Бұл алдағы уақытта волонтерлік қозғалыстың әрмен қарай заңнамалық үстемдік құрып, жастардың қызығушылығын және бұнымен жүйелі айналысуына себеп болатын негізгі бастама деп білеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанға Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы мемлекеттік сапармен келеді
11.10.2026, 19:39
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
10.10.2026, 14:32
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19