Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
Қожа Ахмет Ясауи ілімін жан-жақты зерделеу, оның рухани мұрасын қазіргі қоғамда насихаттау мен жастар тәрбиесінде тиімді пайдалану өзекті мәселе. Түркістанда бас қосқан отандық және шетелдік ғалымдар бүгін түркі дүниесінің кемеңгер тұлғасы Ясауидің ілімін әлі де жан-жақты дәріптеу қажеттігін атап өтті. Оның даналыққа толы хикметтері ғасырлар бойы халықтың рухани бағдаршамына айналып келеді. «Диуани хикмет» еңбегі – адамгершілік пен әділдікке үндейтін терең философиялық туынды. Ясауи мұрасы тек діни іліммен шектелмей, түркі дүниесінің әдебиеті мен мәдениетіне де зор ықпал етті. Оның ілімі – бірлікке, ізгілікке, адамзаттық құндылықтарға үндейтін әмбебап рухани мұра. Ал ғылыми тұжырымдары жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне зор үлес қосады. Сондықтан Ясауи ілімін зерттеу және жастар арасында кеңінен насихаттау – уақыт талабы. Келелі басқосуда ғалымдар сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің тарихи орны мен оның рухани мұрасы туралы ой қозғады. Оны дәріптеу мәселелерін талдап, білім беру мен қоғамдық санада кеңінен қолдану бағытында нақты ұсыныстар айтылды.
Досай Кенжетаев, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасы, оның ілімі, оның мұрасы, оның маңызы туралы тоқталып жатырмыз. Одан кейін Өзбекстаннан келген баяндамашылар да, Қырғызстанның бада басяндамашылары сөйлеп жатыр. Бұл үлкен бастама. Ясауидің болмысын, ілімін, табиғатын тануға деген ұмтылыстарының көрнісі ғой.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы