Климаттық саммит аяқталуға жақын
Шотландияның Глазгосында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттық саммиті соңғы күн өтіп жатыр. Алайда Бас хатшы Антониу Гутерриштің ойынша, конференция жаһандық температураны ғасыр соңына дейін 1,5 градустан артық көтермеу мақсатына жете алмауы мүмкін. Өйткені әлем елдерінің үкіметтері атомосфераға тарайтын улы газ мөлшерін мейлінше азайтуға міндеттеме алмауы мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, климаттың жылынуын индустриалдық дәуірге дейінгі межеден 1 жарым градустан артық асырмау адамзатты келешекте үлкен табиғи апаттардан құтқарады.
Айта кетсек, бұл – 2015 жылғы Париж тарихи келіссөздерінен бергі ең үлкен климаттық саммит. Онда әлемнің 200-дей елінен 2030 жылға дейін ауаға тарайтын көміртегін азайту туралы жоспар сұралып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: Кемелділік моделі және рухани сабақтастық
14.08.2026, 17:29
Қостанайда еріктілер жылыжайға 100 өсімдік түрін екті
14.08.2026, 17:28
Қостанайда жас жол инспекторларының XXI республикалық слеті өтіп жатыр
14.08.2026, 17:24
Конституцияда волонтерлік пен қайырымдылыққа ресми мәртебе берілген
14.08.2026, 17:23
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13