Қызылордада көктайғақтың кесірінен бірнеше көлік апатқа ұшырады
Ауа райының қолайсыздығынан «Самара-Шымкент» трассасында көлік қозғалысы қиындап кетті. Әсіресе Қызылорда облысының Қармақшы ауданының тұсында көктайғақтан жүк көлігі мен бірнеше жеңіл автокөлік жолдан тайып, аударылып қалды.
Адамдар дін аман. Зардап шеккендерге патрульдік полиция мен «ҚазАвтоЖол» мамандары көмек көрсетті.
Жалпы, «Қазгидромет» алдағы күндері еліміздің біраз бөлігінде ауа райы құбылып, көктайғақ пен қарлы бұрқасын болады деп дабыл қағуда. Сондықтан мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде 124 теміржол вокзалы жаңартылады
11.08.2026, 09:49
Үкіметте жасанды интеллект технологиялары қаралып жатыр
11.08.2026, 09:48
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08