Павлодар облысында 115 жылқы ұрлаған барымташы Мәскеуде ұсталды
Жылқыны үйір-үйірімен ұрлауды кәсіп қылған павлодарлық тұрғын Мәскеу метросында ұсталды. Күдікті үш жыл бойы іздеуде болған. Соңғы рет Шарбақты ауданында 115 жылқыны айдап кетіп, өзі де шекара асқан. Жедел ақпарат түсе сала павлодарлық полиция мәскеулік әріптестерімен бірлесіп, күдіктіні қолға түсіру жоспарын әзірлеген. Қазір оның сыбайластарын анықтау мақсатында тергеу жүріп жатыр.
Жанар Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Мәскеудің қылмыстық іздестіру комитетіндегі әріптестеріміз 54 жастағы күдіктінің мекенжайын тауып берді. Ол Шарбақты ауданында жылқыны үйірлеп ұрлауды кәсіп қылған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматты Ресейден елге әкелу шаралары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы полиция қылмыс жасап, көптен бері іздеуде жүрген 96 адамды елге қайтарды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06