Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 100 адам эвакуацияланды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 100 адам эвакуацияланды. Оның 20-сы - бала.
Төтенше оқиға кеше күндіз болды. 17-шағын ауданда орналасқан «Флоренция» тұрғын үй кешенінің 17-қабаты өртеніп, 2 жарым сағатта әрең өшірілді. 100-ге жуық өрт сөндіруші мен 22 арнайы техника жұмылдырылды. Қылмыстық іс қозғалып,өрттің шығу себебі анықталуда. Тұрғын үй кешенінде өрт кезінде сумен қамту жүйесі талапқа сай болмаған. Салдарынан мамандарға өртті өшіру киынға соқты.
Нұрлан Жаңабаев, Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
19 желтоқсан 2021 жылы 15:18 минутта Ақтау қаласы «Флоренция» тұрғын үй кешенінің шатырының жанып жатқаны тұралы шақырту түсті. Оқиға орнына келген кезде жалпы ауданы 5244 шаршы метр төбесінің 500 квадрат метрі өртенгені анықталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06