Батыс Қазақстандағы блокбекетте теріс діни ағым ағым өкілдері ұсталды
Батыс Қазақстандағы блокбекеттен теріс діни ағым өкілдері ұсталды. Олар Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан әрі дүкендерді де тонаған. Меншікті тілшіміз Ардақ Мұратқызы телефон арқылы байланыста. Ардақ, олардан қару-жарақ табылған ба?
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Нақтырақ айтсақ, түнгі сағат 3 жарым шамасында «Тойота Альфард» маркалы көлігі тоқтатылған. Полицейлердің машинаның жүк салғышын ашу туралы талабын орындаудан бас тартқан. Содан жолаушыларды тінту кезінде біреуінен пышақ табылды. Ал оларды полиция бөліміне жеткізу жолында қашып кетпек болған. Бірақ сырт айнала алмады. Сонымен тексеру барысында көз жасаурататын граната, оқ-дәрі, 50 жаңа телефон, 6 планшет, 23 смарт сағат және гаджеттер тәркіленді. Сондай-ақ магниттері жұлынбаған бірнеше сөмке киім де бар болып шықты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06