ШҚО-да жаппай тәртіпсіздік кезінде 25 полиция қызметкері зардап шекті
Жаппай тәртіпсіздік кезінде Шығыс Қазақстанда 25 полиция қызметкері зардап шекті. Бүлікшілер облыстық әкімдік ғимаратын басып алмақшы болған, бірақ оған жол берілмеді.
Нұржан Қалекенов, телеоператор:
Дәл қазір Өскеменде ұсталған адамдар саны туралы ресми мәлімет жоқ. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір бұл сан нақтыланып жатыр, деді. Сондай-ақ, полиция бөлімшесіне жеткізілген әр адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады. Сондай-ақ, 25 полиция қызметкері зардап шеккені белгілі болды. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдарының 13 қызметтік көлігі бүлінген. Өскеменнің орталық алаңына жиналғандар полицияның модульді бекетін жағып жіберіп, сол маңдағы бірқатар дүкеннің терезесін сындырған. Қазір Шығыс Қазақстан бойынша жағдай тұрақты. Өскемен және Семей қаласының орталық алаңын, стратегиялық нысандары полиция мен әскерилер күзетіп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06