Үштөбеде зиратты қиратқан күдіктінің анасы ұлын кешіруді сұрады
Алматы облысына қарасты Үштөбе қаласында зиратты қиратқан күдікті ұсталды. 34 жастағы тұрғынның психологиялық ауытқулары болған. Ол 16 қаңтар күні Үштөбедегі 14 жерлеу орнын бүлдіріп, қиратқан. Темір қоршаулардың бұзылып, жан-жақта шашылып жатқанын жергілікті тұрғындар байқаған. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталған жоқ. Ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша тағайындалған сараптаманың нәтижелерімен расталды. Күдіктінің психикалық жай-күйін ескере отырып, ол облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды. Ал, күдіктінің 60 жастағы анасы ұлының ерсі қылығы үшін кешірім сұрады.
Күдіктінің анасы:Біз көбіне баратын жерімізге сол зират арқылы өтеміз. Менің ұлым жерлеу орындарын, оның қоршауын қиратқан. Ол бала кезінен мүгедек. Мен оның іс-әрекеттерін қадағалай алмаймын. Кейде маған да қол көтереді. Тез ашуланатын әдеті бар. Сондықтан ұлымның бұл әрекетін кешіруленіңізді сұраймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06