Жамбылда 16 бас жылқыны ұрлаған күдікті қолға түсті
Жамбылда 16 бас жылқыны ұрлаған күдікті қолға түсті. Ол өрісте жайылып жүрген малды айдап кетіп, ізін суытқан.
Шу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, бір үйір жылқысы жоғалғанын айтқан. Жылқылар ешкімнің қарауынсыз жайылымда жүрген. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 29 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының азаматы ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл қылмысы үшін ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Аталған дерек бойынша 188-баптың 1-тармағымен тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы мен сыбайластарының бар-жоғын анықтау мақсатында, жан-жақты тергеп тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06