Жамбыл облысында табылған қару-жарақ саны 300-ге жуықтады
Жамбыл облысында тағы да қару-жарақ табылды. Атыс қаруларын белгісіз біреулер Тараз қаласындағы қараусыз ғимарат ішіне жасырған.
Жедел іздестіру операциялары қалай жүргізілуде?
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Жамбыл облысында тәртіпсіздік кезінде жоғалған, ұрланған қару-жарақтарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күні кеше полиция қызметкерлері қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қаруларын тапты. Ол жерден «Калашников» маркалы бір автомат, 1 травматикалық тапанша, оқжатар және 1 жарық-шулы граната тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Жалпы, өңірде жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 300-ге жуық қару-жарақ табылды. 74 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал қалалық Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын хабарлайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06