Қарағандыда браконьерлерден 844 киік мүйізі тәркіленді
Қарағандылық полицейлер ірі көлемде киік мүйізін тәркіледі. Жаңаарқа ауданында жедел алдын алу шаралары кезінде мүйіз сатумен айналысып келген топ туралы ақпарат анықталған. 29 жастағы азаматтың көлігін тінту кезінде одан 844 киік мүйізі тәркіленді. Бұл дегеніңіз 422 түз тағысын браконьерлер қынадай қырған деген сөз. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оның екі сыбайласы да ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясына сәйкес мүлкін конфискациялай отырып, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06