Жамбылда қару жасырған 19 жастағы тұрғын ұсталды
Жамбылда қару жасырған 19 жастағы тұрғын ұсталды. Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны үйінің ауласына ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді көміп қойған.
Пакеттердің ішінен бір «Калашников» автоматы, үш травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қарудың 26 оқ-дәрісі тәркіленді. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Сәбит Мамытбеков, Меркі аудандық полиция бөлімінің бастығы:
Жаңатұрмыс ауылының 2003 жылғы Ш. есімді тұлғаның үй-жайын қарау барысында, аулада тығылып жатқан 3 дана травматикалық газды тапаншасы, 76 дана автомат және 26 дана тегіс ұңғылы қарудың оқ-дәрілері табылды. Сонымен қатар, «Калашников» автоматы табылған болатын. Осы табылған заттарға тиісті сот сараптамасы тағайындалып, күдікті тұлғаға қатысты тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06