Әділет министрі борышкерлерден қарызды өндіріп алудағы негізгі қиындықтарды атады
Заңдағы олқылықтар мен борышкерлердің төлем қабілетсіздігі - қарызды толық өндіріп алуға кедергі келтіреді. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин қарызды өндіруде осындай қиындықтың барын айтты.
«Сот төрелігін іске асырудың соңғы кезеңі ретінде мәжбүрлеп орындату процесі тиімді, жедел және әділ болуға тиіс. Бірақ, өкінішке орай өндіріп алушылар өздеріне тиесілі сомаларды уақтылы және толық өндіріп алуға қол жеткізе алмайды», - деді министр.
Қарызды өндіріп алуда сот орындаушыларға қатысты арыз да азаймай тұр. Шағымдардың басым бөлігі атқарушы құжаттарының ұзақ уақыт бойы негізсіз орындалмауына қатысты. Сонымен қатар, сот орындаушылар тиісті мәжбүрлеу шараларын жүргізбейді. Мысалы соттарға түскен әкімшілік талап арыздың ең көбі – сот орындаушыларына қатысты. Мысалы 9 айда республикада 6 мыңнан астам талап арыз түскен.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04