Басты Жаңалықтар Парижде коменданттық сағат ұзартылды

Парижде коменданттық сағат ұзартылды

Франция астанасында коменданттық сағат мерзімі ұзартылды. Парижде түнгі 11-де енгізілген шектеу бүгін де жергілікті уақытпен таңғы 6-ға дейін жалғасады. Қаладағы Республика алаңы қоршауға алынды. Полиция көшелердегі тәртіпті қадағалауды күшейткен. Үкімет ішінара коменданттық сағат тыныштықты қалпына келтіруге көмектескенін айтты. Бұған қоса сенбіге жоспарланған ауқымды наразылық акциялары кезінде полицияға көмекке әскери қызметкерлер тартылатынын да хабарлады. Олар мемлекеттік және стратегиялық нысандарды қорғайды. Әлемнің бірқатар елінің үкіметтері Францияға сапар шегетін азаматтарына абай болу, адам көп жиналатын жерлерге бармау туралы кеңес берді.

Бөлісу