Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар төрт алтын медаль иеленді. Пара дзюдодан Ақтолқын Сейілбекова J1 санатында, ал Зарина Райфова J2 санатында 70 келіден жоғары салмақта топ жарды. Зарина іріктеу кезеңінде Қытай, Үндістан және Өзбекстан спортшыларын иппонмен жеңіп, финалда да қарсыласынан басым түсті.
Ұлттық құрама қоржынына тағы бір алтын медальді велошабандоз Наиль Ермуханбет салды. Отандасымыз B санатында 20 шақырымдық жекелей уақытқа жарысуда бірінші орын алды. Ал әйелдер арасында B класында өткен жеке уақытқа жарысуда қазақстандық Анастасия Калаус оқ бойы оза шығып, алтын медаль жеңіп алды.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02