Отандық тауарлар Еуропаға тасымалданады
Еуропалық Одақ қазақстандық тауарлардың Еуропа нарығына кедергісіз тасымалдануын қолдауға дайын. Бұл туралы тараптар Брюссельде өткен «Еуропалық Одақ-Қазақстан» іскерлік комитетінің 19-отырысында мәлімдеді. Қазақстандық делегацияны еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бастап барды.
Жиында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру бойынша нақты жоспарлар пысықталды. Қос тарап саяси, сауда-экономикалық қатынасты күшейтіп, адам құқығын қорғау, білім-ғылым, «жасыл» энергия салаларында тәжірибе алмасу жайын талқылады. Еуропалықтар «Транскаспий» маршруты аясында алыс-берісті арттыруға ниетті.
Люк Девинь, Еуропалық Сыртқы істер қызметінің Ресей, Шығыс серіктестік елдері, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары:Біз Президент Тоқаев жария еткен «Жаңа Қазақстан» бағдарламасының сәтті жүзеге асуына тілектеспіз. Бағдарламадағы бағыттардың басым бөлігі біздің құндылықтарымыз бен қағидаларымызға ұқсас. Сондықтан біз елдеріңізбен экономикалық, мәдени, білім, қауіпсіздік, шекараны басқару, жалпы 29 сала бойынша әріптестікті күшейтеміз.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:Біз еуропалық серіктестерімізбен елдегі саяси реформалар, Қаңтар оқиғасына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары туралы ашық сөйлестік. Еуропалық Одақтағылар Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан экономикасына кері әсер етпеуі керек екенін түсінеді және оның бізге зардабын азайту үшін қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО тұрғындары өзен жағасын қоқыстан тазартты
13.08.2026, 17:06
Қазақстан–Қытай мәдени байланысы беки түспек
13.08.2026, 17:05
ШҚО-да үш мыңға жуық волонтер жұмыс істейді
13.08.2026, 17:04
Елордадан Бурабайға есірткіге қарсы арнайы пойыз қатынай бастады
13.08.2026, 17:00
«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген жануарлар көбейіп келеді
13.08.2026, 16:57
Қостанайда 20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылады
13.08.2026, 16:56
Испанияда 37 000 гектар орман алқабы өртеніп кетті
13.08.2026, 16:56
Этна вулканының атқылауына байланысты Сицилия мен Мальтада әуе рейстері тоқтатылды
13.08.2026, 16:54