Жамбылда асыл тұқымды сиырлар қолды болған
Жамбылда құны 2 миллион теңгеден асатын асыл тұқымды сиырларды ұрлаған тұрғын ұсталды. Ол жайылымда жүрген малды айдап әкетіп, ізін суытқан. Оқиға ақпан айында болыпты. Тұрар Рысқұлов ауданы Алғабас ауылының тұрғыны 3 сиырының жоғалғанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 23 жастағы аудан тұрғынын ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Шығын көлемі 2 миллион 250 мың теңгені құраған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық із қозғалып, тергеу басталған. Жалпы өңірде жыл басынан бері мал ұрлығының 33 дерегі тіркелген. Ал, тәртіп сақшылары шаруаларға жайылымдағы малдарына бақылауды күшейтуді сұрайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13