Алматы облысында 11 жастағы баланы көлік қағып кетті
Алматы облысында 11 жастағы баланы көлік қағып кетті. Оқиға Қарасай ауданының Балақты ауылында болған. Жолды кесіп өтпек болған оқушы көлік астына түскен. Бұған дейін апат болған жол учаскесінің қауіпті екенін айтып ата-аналар мектеп басшылығы мен әкімдікке бірнеше рет шағымданған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша көлікті тізгіндіген 27 жастағы аудан тұрғыны. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абырой болғанда зардап шеккен баланың жарақаты ауыр емес. Ол қазір амбулаториялық ем алып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13