Алматыда жанар-жағармай құю бекеттерін тонағандар ұсталды
Алматы қаласының екі тұрғыны бес жанар-жағармай құю станциясын тонаған. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті хабарлады. Тәртіп сақшыларының сөзінше, пышақпен қаруланған екі адам әдейі күзеті жоқ шағын бекеттерді таңдаған. Бейне бақылау камераларын қарап шыққан полицейлер күдіктілердің қара көлікпен жүргенін анықтады. Алайда мемлекеттік нөмір басқа автокөлікке тіркелген болып шықты. Алматылық 34 жастағы такси жүргізушісі мен оның 23 жастағы немере інісі қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Ұсталғандардың үстінен Қылмыстық кодекстің қарақшылық бабы бойынша тергеу басталды.
Дастан Танкаков, Іле АПБ Тергеу бөлімінің басшысы:
Қарасай және Алматы қалаларында бірнеше жанар-жағармай бекеттеріне қарақшылық жасағандары анықталған. Аталған азаматтар күзетпен қамауға алынды. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13