Елордада жолаушы автобустың терезесін шағып тастады
Елордада мас жолаушы автобустың терезесін шағып тастады. Оқиға №7 бағытта қатынайтын қоғамдық көлікте кешкі сағат 8-дер шамасында болды. Ішімдікке тойып алған жолаушы терезені апат кезінде пайдаланылатын балғамен шаққан. Тәртіп сақшылары жанжал шығарған ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Тергеу жүріп жатыр. 40 жастағы жолаушы Павлодар облысының тұрғыны болып шықты. Қоғамдық тәртіпті бұзып, өзгенің мүлкін қиратқан маскүнем 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13