Елорда маңында ірі көлемде есірткі жасырмақ болған ер адам ұсталды
Елорда маңында аса ірі көлемде синтетикалық есірткі жасырмақ болған ер адам ұсталды. Ол Қарағанды тас жолының шетінде патрульдік полицияның кезекшілік кезінде құрықталды. Тексеру кезінде ағаш түбінен салмағы 1,25 келіден асатын пакетте қапталған есірткі табылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 6 мыңнан астам бір реттік дозаның қара нарықтағы құны шамамен 25 млн теңге. 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны есірткіні елордада сатпақ болған. Тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бас қаланың аумағында заңсыз айналымнан 30 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13