Оператор РОП және Экология министрлігінің лауазымды тұлғалары 180 млрд теңге көлемінде ақша жымқырмақ болған
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары мен «Оператор РОП» серіктестігінің басшылығы 180 млрд теңге жымқырмақ болған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Олар электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландырып, утиль алым түрінде жиналған қаржыны ұрлауды көздеген. Бұл ретте мемлекет электр қуатын 15 жыл бойы жоғары тарифпен сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі тиіс болған.
Арман Тлеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
Экология вице-министрі және «Оператор РОП» бұрынғы басшылары қамауда. Кінәлілік туралы қорытынды шешімді сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13