Қарағанды облысында қарттар үйінің меңгерушісі ұсталды
Қаржы жымқырды. Қарағанды облысында қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмысты жасады деген күдікпен Қарағанды облысындағы мекеме меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлықта, оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер.
Әлібек Абдилов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің өкілі:
Қарағанды облысының соты қарттар үйінің басшысына қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13