Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр
Әзірге Конституцияға өзгерістер енген жоқ. Әлі талқылау жүріп жатыр. Бұл жұмыс тобының ұсынған жобасы ғана. Сондықтан азаматтардың алып-қосарына шектеу жоқ. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында пікір қалдыруға болады. Бұдан бөлек, өңірлерде тыңдау өтеді. Ал, Ата Заңның кей тұстарын алмастыру – ішкі-сыртқы жағдайды бағамдауға байланысты. Тозығын тастап, озығына көшу керек. Бұл әлемдік тренд, дейді сарапшылар. Мысалы осы ғасырда 90 мемлекет конституциясын өзгертсе, соның ішінде 57-сі тіпті жаңасын қабылдаған.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
Біз осы Конституциялық өзгеріс арқылы қоғамдағы саяси күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге тырысамыз. Ол не деген сөз? Яғни біздегі Президент, Парламент, Үкімет, Сот билігінің ортасында тепе-тең баланс болу керек. Біз қазір Президенттің біршама өкілеттігін қайтадан Үкіметке, Парламентке, жергілікті жерлерге беріп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05