Елімізде қылмыстық істер саны 7,6 пайызға азайған
Елімізде қылмыстық істер саны 7,6 пайызға азайған. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ішкі істер министрі мәлімдеді. Марат Ахметжановтың айтуынша денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайып отыр. Сондай-ақ кездесуде министр қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыстарды тергеу, кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту, ұрланған қаруларды заңсыз айналымнан алу жұмыстары жөнінде есеп берді. Әрі Ішкі істер министрлігінің қызметін бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс үдерісін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру жөнінде баяндады.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Соның ішінде қазір іске асып жатқан орталық Big Data орталығының жұмысымен таныстырдым. Бұл жерде бүгінгі заманан талабына сай цифрлық технологияларды халықтың игілігіне қолдану барысында жасалып жатқан жұмысты баяндадым.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13