Талдықорғанда оқушы мен мұғалім жанжалдасты
Талдықорғанда тағы да оқушы мен мұғалім жанжалдасты. Бұл жолы кикілжің N6 мектептің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы мен 8-ші сынып оқушысы арасында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп мұғалімі мен оқушы бір-біріне дауыс көтеріп, тіпті қол жұмсауға дейін барады. Жанжалға жасөспірімнің білім ордасына боянып келуі себеп болған. Сынып жетекшісі ретінде мұғалім ескерту жасаған. Алайда оқушы қыз ұстазына бейәдеп сөзбен жауап берген. Оқиғадан кейін білім шаңырағында әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылды. Жиын барысында тараптар татуласып, бір-біріне ешқандай кінә артпайтынын айтқан. Алайда жанжалдан соң ұстаз денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.
Қ.Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13