Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікті анықталды
Жамбыл облысындағы сарбаздың өліміне қатысы бар деген күдікті анықталды. Бұл туралы Бас әскери прокуратура хабарлады. Қазір Жамбыл облысындағы меншікті тілшіміз Нұрдос Болатұлы бізге тікелей байланыста. Нұрдос сонымен күдікке ілінген кім?
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Әскери борышын өтеуге келгеніне 10 күн ғана болған сарбаздың жұмбақ жағдайда көз жұмуы көпшіліктің көңіліне күдік ұялатты. Туған-туыстары да бұл оқиғада кінәлі біреу барын сезіп, әділ тергеудің болатынына сенді. Осыған орай Ішкі істер министрлігі Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы күдіктінің анықталғанын айтты. Ол жас сарбаздың бірге шақырылған әріптесі болып шықты.
Күдіктіге қатысты қандай да бір шешім қабылданды ма?
Прокуратураның хабарлауынша, күдіктіні қамауға алуға түрлі айғақтар мен сараптама нәтижелері негіз болған. Қазір осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13