Елордада құны 1 млн тұратын гауһар тас ұрланды
Елордалық келіншек дүкеннен құны бір миллион теңгеден асатын гауһар тасты ұрлап кетті. Сауда орнының директоры бірден полицияға арызданған. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті анықталып, 49 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Әйел адам зергерлік дүкенге жиі барып жүрген. Тіпті бірнеше рет үлкен сомаға тауар сатып алыпты. Күдікті кешкі сағат 17.45-те зергерлік дүкенге кірген. Сатушының басқа сатып алушылармен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, қымбат затты ұрлап, бой тасалаған. Ұсталған азаматша кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленді. Қазір «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатыс бар-жоғы тексерілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13