Талдықорғанда өз жұмысшысын көлікпен соғып, таяқпен ұрған азамат ұсталды
Талдықорғандық азамат өз жұмысшысын көлікпен қаққан. Оқиға Ақсу ауданында болған. 2 мамыр күні 44 жастағы азамат ауыр жарақатпен ауруханаға түседі. Зардап шеккен тұрғын Матай станциясына жақын жердегі шаруа қожалығында малшы болып жұмыс істеген. Даудың басы қожайын келгенде басталған. Екі азамат сөзге келіспей соңы ұрысқа ұласқан. Жұмысшы отбасымен, қожалықтан кететін айтқан. Бұған келіспеген ферма иесі жұмысшысын көлікпен соғып, ол аз болғандай таяқпен соққыға жыққан. Қазір зардап шегуші өте ауыр дене жарақатымен ауруханада жатыр. Ал күдікті ұсталды. Оның алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды. Қазір осы іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13