Жетісу облысының әкімі тағайындалды
Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Жетісу өңірінің депутаттарына өңір басшысын тағайындауға екі кандидат ұсынды. Бірі сенатор Бейбіт Исабаев болса, екіншісі Алматы облысы, Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев. Жиынға келген барлық деңгейдегі 141 депутат екі үміткердің бағдарламасын тыңдап, өз таңдауын жасады. 106 халық қалаулысы Бейбіт Исабаевты қолдаса, 35 депутат Бағдат Қарасаевқа дауыс берді. Бейбіт Исабаев Алматы облысы, Балқаш ауданының тумасы. Еңбек жолын журналистикадан бастаған. Кейін бірнеше мемелкетте елші болып қызмет етті. Бүгінгі күнге дейін сенат депутаты және әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
Жетісу аграрлық өңірге жатады. Сондықтан ауылшаруашылығы мен қайта өңдеу секторын дамытуға ерекше көңіл аудару керек. Әлемдегі қазір болып жатқан геоэкономикалық жағдайды ескеретін болсақ, агроөнеркәсіптік инвестициялар үшін тартымды экономиканың перспективалы секторы болып табылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16