Мәжілісте «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заң жобасы қаралды
Елімізде дәрілік өсімдіктердің шикізат қоры таусылып барады. Бұған медицинада қолданылатын өсімдіктерге сыртқы нарықта сұраныстың артқаны әсер етіп тұр. Бұдан бөлек, ел аумағына бөтен өсімдіктердің де түр-түрі бақылаусыз әкелініп жатыр. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осы саладағы мәселелерді реттеу үшін әзірленген Заң жобасы қаралды.
Берік Көшербай, тілші:
Елімізде ағаш-бұта және шөп өсімдіктерінің 6 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 1,5 мыңға жуық түрі дәрілік өсімдіктер. Осы дәрілік өсімдіктердің 14 түрі бүгінде басқа елдерге экспортталады. Мысалы, қазақстандық мия тамыры Қытай, Түркия және АҚШ нарығында үлкен сұранысқа ие. Бірақ дәрілік өсімдіктерді босалқы жерлерден қанша мөлшерде, қалай жинау, қорғау және басқа да мәселелер заңмен дұрыс реттелмеген. Соның салдарынан дәрілік өсімдіктер азайып барады.
Серікқали Брекешев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Қытайға 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін 32,7 мың тонна мия тамыры экспортталды, бұл жалпы Ботаника және фитоинтродукция институты ұсынған мия тамырын нақты өңірлер бойынша дайындау көлемінен едәуір асып түседі.
Берік Көшербай, тілші:
Өсімдіктердің бөтен түрлерін Қазақстанға бақылаусыз әкеліп жатқаны да проблемаға айналды. Мысалы, Медеу өңірлік табиғи паркінде Солтүстік Америкадан әкелінген «Асер Негундо» үйеңкі ағашы көбейіп келеді. Ол кәдімгі өрік пен Сиверс алмасын ығыстырады. Басқа жақтан жеткізілген өсімдіктермен бірге елімізге инвазиялық зиянкестер және аурулар кіріп жатыр. Мұның бәрі нормативтік-құқықтық базаның жоқтығынан болып тұр. Сондықтан «Өсімдіктер дүниесі туралы» Заң жобасы әзірленді. Бұл құжат қолданыстағы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды жойып, өсімдіктер дүниесін қорғау, молайту және пайдалану мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16