Қазақ үкіметі тың өзгерістерді жақын арада жүзеге асырады деп сенеміз – Еуропалық сарапшы
«Референдумға халықтың белсенді қатысуы – қазақ қоғамының кемелденуінің көрінісі». Брюссельде референдумның қорытындысын талқылаған Еуропалық сарапшылар осылай деді.
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған шараға Еуроодақ өкілдері, Азиялық зерттеулердің еуропалық институтының мамандары мен сарапшылар қатысты.
Дипломаттар шетелдіктерді жалпыұлттық дауыс берудің қорытындыларымен таныстырды. Еуропа сарапшылары Ата заңға енгізілетін түзетулер мен өзгерістер қазақстандықтардың құқығы мен бостандықтарын нығайтып, елдің қарқынды дамуына септігін тигізеді деген сенімде.
Дитмар Крисслер, Еуропалық сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бойынша бөлімінің басшысы:
Еуропалық Одақ референдум өткізген Қазақстанның саяси қадамын қолдайды. Біз референдумда жарияланған өзгерістердің қабылданғанын күтеміз әрі қазақ үкіметі тың өзгерістерді жақын арада жүзеге асырады деген сенімдеміз. Президенттің туыстары лауазымды қызметтерге тағайындалмайтыны Қазақстандағы демократияны дамытудың көрінісі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16