Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ бітімгершілік миссиясына жіберіледі
Қазақстанның 430 әскери қызметшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясына жіберіледі. Жаһандық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосу үшін оларды Орталық Африка және басқа бірнеше елге жіберу жөніндегі ұсыныс Парламентке Мемлекет басшысынан түсті.
Берік Көшербай, тілші:
Бітімгершілік шараларына қатысу әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосумен қатар, халықаралық міндеттемелерді орындаудың нақты көрінісі. Қазақстан сарбаздары БҰҰ бітімгершгілік миссияларына бұған дейін де жіберілген. 2014 жылдан бастап 45 офицер Батыс Сахарада, Кот-д’Ивуа́рда, Ливандағы миссияға әскери байқаушы және штаб-офицері ретінде қатысты. 2018 жылдан бастап – 520 әскери Ливандағы уақытша күштер миссиясына қатысты. Қазір Батыс Сахарада – 6, Ливандағы уақытша күштерде – 9 жауынгер жүр. Ал енді енді 430 әскери қызметі Орталық Африка, Конго Республикасы мен Малидегі тұрақтандыру жөніндегі миссияға және Ливандағы уақытша күштер миссиясына аттанады.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
Заңға сәйкес, БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысу кезеңінде үш есе жалақы, қайтып келген соң мемлекет есебінен емделу, жыл сайынғы демалысқа екі апта қосымша демалыс беріледі. Қатысу кезеңі жеңілдікті шарттармен бір айы бір жарым ай болып есептеледі.
Берік Көшербай, тілші:
Бірлескен палата отырысында депутаттар Президент ұсынысын қабылдады.
Алдағы уақытта еліміздің Қарулы Күштері сапынан бітімгершілік миссияларға штаб офицері, әскери байқаушы ретінде жаяу әскер, медициналық барлау, инженерлік, әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері жіберіледі.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16