Украинадан астық әкелу үшін Ыстамбұлдан да алғашқы жүк кемесі жолға шықты
Украинадан астық әкелу үшін Ыстамбұлдан да алғашқы жүк кемесі жолға шықты. Бұл ақпаратты Түркияның Қорғаныс министрі хабарлады. Бірлескен үйлестіру орталығының 10 инспекторы кеменің жүк қоймалары мен жеке бөлмелерін жіті тексеріп, тасымалдауға тыйым салынған заттардың жоқтығына көз жеткізді. «Фулмар С» атты жүк кемесі бірнеше күннен кейін Одесса портына барып астық тиеп қайтады. Түркия Қорғаныс министрінің айтуынша бүгінге дейін соғыс аймағынан астық тасымалдау жұмыстары кемшіліксіз жүзеге асып жатыр.
Хулуси Акар, Түркияның ұлттық қорғаныс министрі:
22 шілде күні Түркия, БҰҰ, Ресей мен Украина құрған бірлескен үйлестіру орталығы бүгінге дейін қалыпты жұмыс істеп келеді. Орталықтағы мамандар үйлестіру жұмыстарын жоспарлы түрде, бір-бірімен келісе отырып жүргізуде. Біздің мақсатымыз астық тасымалдау жұмыстарын ешқандай дау-дамайсыз, өзара ықпалдаса отырып белгілі мерзім ішінде аяқтау.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
12.08.2026, 17:57
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысында үздік жастар марапатталды
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27