Оңтүстік Кореяда тасқыннан 7 адам қаза тапты
Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен оның айналасында төпелеп жауған жаңбыр алапат тасқынға ұласты. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, 7 адам қаза тауып, алтауы жоғалып кеткен. Сеулдің Гангнам ауданының көшелері өзенге айналып, талай көлік судың астында қалды. Ал қоғамдық көлік жүйесіне үлкен салмақ түсіп отыр. Өйткені 80 шақты жол жабылғандықтан, метромен жүретін жолаушылар күрт көбейді.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл апаттан 800-дей ғимарат зардап шегіп, 400-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қаладағы жағдай тіпті қиындауы мүмкін. Өйткені Сеул аймағында жаңбыр бүгін де жалғасады деген болжам бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өткен жылы сұлулық саласында 127,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілді
12.08.2026, 17:57
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – Халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысында үздік жастар марапатталды
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27