Индонезия елінің тәуелсіздігіне 77 жыл толды
Осы датаға орай Қазақстандағы Индонезия мемлекетінің елшілігі маңызды мерекені барынша сән салтанатымен атап өтуде. Осы ортадан Ламбриан Топузидис тікелей байланысқа шықты. Шара қалай өтіп жатыр? Оның ерекшелігі неде?
Ламбриан Топузидис, тілші:
Бұл шараға Индонезия мен Оңтүстік-Шығыс Азия қауымдастығына мүше елдердің елшілері, сондай-ақ, біздің елдің сыртқы істер министрлігінің өкілдері шақырылған. Алдымен Индонезия елінің туын көтеру салтанатты рәсімінен басталды. Содан кейін осы жиналғандар осы халықтың «тумпенг» деп аталатын дәстүрлі тағамынан дәм татты. Қазақстан мен Индозения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына келесі жылы 30 жыл болады. Екі ел арасында сауда-саттық жақсы дамыған. Туризм бағытында бірлескен жобалар бар.
Ламбриян Топузидис, тілші:
Жалпы Индонезияның Тәуелсіздік мерекесі жылда атап өтіледі. Индонезия елшілігі ерекше дайындалады. Мерекенің сәнін келтіретін ойын-сауық ойындары ұйымдастырылып, бір ай бойы түрлі спорттық шаралар өткізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысында жаңа «Түлкібас» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
12.08.2026, 17:55
Бүгін – халықаралық Каспий күні
12.08.2026, 17:37
Қармақшыда жастар марафоны ұйымдастырылды
12.08.2026, 17:36
Ел жаңалықтарына шолу
12.08.2026, 17:35
Жетісу облысындағы үздік жастарды марапаттады
12.08.2026, 17:33
19 мемлекеттің орталық банк өкілдері Астанаға жиналды
12.08.2026, 17:30
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27
«Дипломмен ауылға»: Маңғыстау облысында нәтиже беруде
12.08.2026, 17:25