Ресей зымырандарының соққысынан Харьковте 7 адам қаза тапты
Украина билігінің мәлімдеуінше, сәрсенбінің кешінде Ресей зымырандарының соққысынан Харьковте 7 адам қаза тауып, 17-сі жараланды. Снаряд үш қабатты жатақханаға түскен. ВВС сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ғимаратқа ресейлік «Калибр» зымырандарымен шабуыл жасалған. Одан жапа шеккендер арасында зейнеткерлер мен балалар бар. Ресей қарулы күштерінің өкілдері әзірге бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Тағы бір мәлімет. Бүгін Украинаның Львов қаласында президент Владимир Зеленский Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездеседі. Тараптар азық-түлік қауіпсіздігі мен Украина астығын экспорттауды жаңғырту туралы шілдеде жасалған келісім жайын талқыламақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10
Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
12.08.2026, 17:07
2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен
12.08.2026, 17:05
Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде
12.08.2026, 17:03
Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
12.08.2026, 17:00
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25