Ресейде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны 35 мыңнан асты
Бұл соңғы бес айдағы рекордтық көрсеткіш.
Индира Бегайдар, тілші:
Ресей үкіметі карантиндік шаралардың енгізілетінін жариялады. Яғни қоғамдық орындарда маска тағу міндеттелмек, сонымен қатар көпшілік жиналатын шараларды өткізуге шектеу қойылды. 65 жастан асқандар мен созылмалы ауруы бар адамдарға да үйден шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Александр Яковлев, қала тұрғыны:
Көбіне 65-70 жастағылар жиі жұқтырып жатыр. Тіпті менің таныс, көршілерімінің бәрінен вирустың жаңа штамы анықталған. Сондықтан вакцина салып, үйде отырған дұрыс деп ойлаймын.
Ресейге әуе арқылы келетін Қазақстан азаматтары 48 сағат бұрын ПТР тест тапсыруы тиіс. Олай болмаған жағдайда ұшаққа отырғызылмайды. Көптеген компания қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Өйткені Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары індет жұқтыру бойынша көш басында. Ал коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар 90 пайызға толған. Иммунологтар қыркүйек айында коронавирустың жаңа толқыны күтілетінін айтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10
Оңтүстікте жүк көліктерін бақылау күшейді
12.08.2026, 17:07
2 млн 300 мыңнан аса адам онкологиялық скринингтен өткен
12.08.2026, 17:05
Деректердің даркнетке тарағаны жөніндегі ақпарат тексерілуде
12.08.2026, 17:03
Президент бір топ қоғам қайраткерін марапаттады
12.08.2026, 17:00
Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
12.08.2026, 13:25