Дизель отыны тапшылығы алдағы бірнеше күнде жойылады - министр
Бүгін «Amanat» партиясы жанындағы Республикалық қоғамдық кеңесте жанармай тапшылығы мен күзгі жиын-терін мәселесі талқыланды. Кеңес төрағасының айтуынша, дизель жетіспеушілігі мәселесі ушығып барады. Әсіресе Ақмола, Қостанай, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Шымкент қаласына солярка жеткізуде қиындық бар. Қазір аймақтардағы ахуалды партия мүшелерінен құралған 200-ден астам топ бақылап жүр. Аманжан Жамаловтың айтуынша, тапшылықты кәсіпкерлер қолдан жасауы мүмкін. Өйткені дизельді шетелдіктерге қымбатқа сатқан тиімді.
Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:
Елдегі дизель отынының бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтанда шетелдіктер үшін Қазақстанда жанар-жағармай құю тиімді. Демек біз көрші мемлекеттің тасымалдаушылары үшін жағдай жасап, оларды жанама түрде субсидияладық. Баға қазір елдегілер үшін 230-260 теңге, шетелдіктер үшін 450 теңге. Бұл жанар-жағармай бекеттеріндегі тапшылыққа себеп болып отыр. Өйткені оларға қымбатқа сақтан әлдеқайда жақсы. Оған бақылау қайда?
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Тиеп-жөнелту бағасы литріне 177 теңгеге белгіленді. Бірақ жеткізуді ескере отырып, жергілікті жерлерде литріне 203 теңге бағасы шығады. Жөнелту және жеткізу мәселесі бақылауда тұр. Біз өз сайтымызда өңірлік өкілдердің байланыстарын жарияладық және проблемалар туындаған жағдайда кез-келген ауыл шаруашылығы өндірушісі оларға жүгіне алады. Ол үшін біз штаб құрдық, жанармай бекеттеріндегі тапшылық бірнеше күн ішінде жойылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16