Ресейде II Каспий экономикалық форумы басталды
Ресейде II Каспий экономикалық форумы басталды. Оған Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан мен Түрікменстан Премьер-Министрлері қатысып жатыр.
Индира Бегайдар,тілші:
Форумға жиналғандар теңіздің сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, туристік мүмкіншіліктерін арттыру мәселелерін талқылайды. Каспий өңірін инвестициялық капитал тартатын орынға айналдыру қажет. Оған толық мүмкіндік бар. Көлік инфрақұрылымы, энергетика, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларға баса назар аударылмақ.
Соңғы алты жылда Каспий өңірі елдері арасындағы өзара сауда 66%-ға өсті. Пандемияға қарамастан алыс-беріс үзілмеді. Ал бүгінгі жиында ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару, Каспийдің әлеуетін барынша пайдалану керектігі де айтылды. Ең алғашқы Каспий экономикалық форумы 2019 жылы Түркіменстанда өткен болатын. Бұл жолы шараға 1000-нан астам қатысушы тіркелді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16