Қазақ-Түрік ынтымақтастығы: Көпжақты дипломатияны одан әрі нығайтуға басымдық беріледі
Біз бауырлас Түркия елімен тұрақты мемлекетаралық қатынас орнаттық. Қос ел Президенттерінің БАҚ өкілдерімен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы Түркия Президентінің мемлекеттік сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толған мерейлі межемен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Режеп Тайып Ердоғанның ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтып, Түркияның жаһандық және аймақтағы проблемаларды шешуге белсенді қатысып отырғанына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз сіздің дүниежүзіндегі дағдарыстар мен аймақтағы мәселелерді шешу жолындағы бастамаларыңызды қолдаймыз. Ардақты бауырым! Қазақстан Түркиямен стратегиялық әріптестікке негізделген сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Біз болашаққа бірге қадам басамыз. Осы жолдағы мәңгі достығымыз бен мызғымас бауырластығымыз жалғаса береді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия республикасының президенті:
Біз бауырлас Қазақстанның егемендігін, территориялық тұтастығын, бейбітшілігі мен тұрақтылығын әрдайым қолдаймыз. Біздің бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз мәңгілік! Қазақстан Президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалаймын. Алдағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстанға игілік әкелсін.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16