Түркі елдері президенттерінің саммитіне дайындық пысықталды
Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық аренадағы ролі де, ықпалы да артып келеді. Қазір әлемде ушығып тұрған энергия мен азық-түлік дағдарысын шешуде Қазақстан – Әзербайжан – Түркия бағытындағы дәліздің маңызы жоғары. Ыстамбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысушылар осылай деді.
Жиынға арнайы барған Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Астанада өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысқандары үшін ұйым мүшелеріне алғысын білдірді. Бейресми отырыста сондай-ақ келесі айда Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Президенттері Саммитіне дайындық пысықталып, қол қойылатын құжаттардың түпкілікті жобалары бекітілді.
Мевлүт Чавушоғлу, Түркияның сыртқы істер министрі:
Түркі мемлекеттері ұйымы жай ғана экономикалық немесе саяси ұйым емес. Бәрінен бұрын біздің ниетеміз бір. Жетістік те, мақтаныш та, қайғы да біз үшін ортақ. Біз бір тамырдан нәр алатын алып бәйтеректің бұтақтарымыз. Бірлігімізді бекемдей отырып, өткенімізді ұмытпаймыз. Осылайша әлемдегі ықпалымызды да арттыра береміз. Біз қауіпсіздік пен даму жолында бірге адымдаймыз. Шындығында халқымыздың бізден күтетіні де осы.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16