Әлихан Смайылов: Сауда кедергілерін жоюға көңіл бөлінуі керек
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланыс режимінде өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Өз сөзінде ол ұйым аясындағы көпжақты өзара іс-қимыл Қазақстан Үкіметі жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар өзара сауданы қосымша ынталандыру үшін ұйымның Банкаралық бірлестігінің мандаты шеңберінде мүше мемлекеттердің банктері мен даму институттарын сауда мәмілелері мен экспорттық операцияларды қаржыландыруға тарту маңызды екеніне тоқталды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Пандемия мен басқа да сын-қатерлерге қарамастан, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы кеңістігінде дамудың айтарлықтай жоғары динамикасы сақталып отыр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4-тен 9%-ға дейін ұлғайды. Ал Қазақстан мен серіктес елдер арасындағы жиынтық тауар айналымы 22%-ға өсіп, 51 млрд долларды құрады. Биылғы сегіз айда бұл көрсеткіш тағы 18 пайызға өсті. Қазіргі кезде сауда кедергілерін жоюға және техникалық регламенттерді жақындастыруға көп көңіл бөлуіміз керек.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14