Басты Жаңалықтар Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже

Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже

Еліміздің кіші ракетка шеберлері Азия Пара ойындары тарихындағы тұңғыш жүлделерін жеңіп алды. Сары құрлықтың басты додасында қос жерлесіміз қолаға қол жеткізді. Ардақ Нұрмағамбетов Үндістан спортшысын 3:0 есебімен жеңсе, жартылай финалға дейін қарсылас шыдатпаған Әли Мақұлбеков Қытай өкіліне жол беріп үздік үштікті түйіндеді. Кешегі жарыс күнінде құрама қоржынына алтын және қола жүлде салған татами шеберлері бүгінде табысты өнер көрсетіп жатыр.  J2 санатында 60 келіде Даяна Федосова сингапурлық қарсыласын иппонмен жеңіп жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал, Бексұлтан Құлмырза J1 санатының 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында таң самалы елінің өкілін тізе бүктіріп чемпион атанды. Пара жүзуде бірнеше отандасымыз финалда жүлдеге таласып жатыр. Осыдан бірер сәт бұрын ерлер арасында 200 метрге кешенді жүзудің ақтық сынында Диас Кенжебек 2 мин 21,61 секунд нәтижесін тіркеп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Диас Кенжебек, V Азия пара ойындарының күміс жүлдегері:

Қазір тағы да екінші станция болады, соған барып восстоновиться етіп демалып аламын, Қарағанды өңіріненмін, бапкерім Анна Михаиловна. 2012 ден бері айналысамын, 14 жыл болды.

Бөлісу