Басты Жаңалықтар Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар

Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар

Елордада Республика күні қарсаныңда дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жиында Егемендік туралы декларацияның тарихи маңызы, елдің стратегиялық даму бағыттары және жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөлі талқыланды. Республика күнінің ел тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі орны талқыланды. Сондай-ақ мерекенің ел бірлігін бекемдеудегі, жас ұрпақтың мемлекет болашағына деген жауапкершілігін қалыптастырудағы маңызы атап өтілді.

Екатерина Смолякова, Құрылтай депутаты:

25 қазан – бұл Республика күні. Бұл еліміз үшін ең айтулы, ең маңызды күндердің, мерекелердің бірі. Биыл 2026 жылы біз жаңа Ата заң қабылдадық. Бұл Ата заңда біздің еліміздің негізгі приоритеттері, негізгі стратегиялық бағыттары айқындалды.

Хадиша Елеусін

Бөлісу