Келер жылы әлеуметтік шығыстар 20 пайызға өседі
Бүгін сенатта 3 жылдық бюджетке енетін түзетулер талқыланды. Оның ішінде «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы бар.
Сәбит Әлдебай, тілші:
Болжам бойынша өңірлердің кірістері 2025 жылы 6,1 трлн теңгеге дейін, немесе 30 пайызға артып, 2025 жылға өзіндік кірістер үлесі 47 пайызға дейін өспек. Заң жобасын талқылау барысында ең алдымен, қазіргі кездегі бюджетаралық қолданыстағы әдістемені жетілдіру мәселесі айтылды. Өйткені өңірлердің әлеуметтік-экономикалық параметрлерінде алшақтық бар. Сенат отырысына Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та қатысып, өндіріс көлемін ұлғайту және импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Жалпы сомасы 25 триллион теңгені құрайтын 730-ға жуық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын, оның ішінде 440 жоба импортты алмастыруға бағытталғанын айтты. Бұдан кейін өңірлерге қаржылық дербестік беру, бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және өңір басшыларының қаржылық мәселелердегі жауапкершілігін арттыру мақсатында қолданыстағы салық және бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу жайы талқыланды. Осыған қатысты депутаттардан бірнеше ұсыныс түсіп, заң жобасы өзгерістер енгізу үшін қайтадан Мәжіліске жіберілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14