Қазақстанның реформалары өзге елдерге үлгі
Халықтың пікірін ескере отырып, демократиялық реформалар жасау оңай емес. Бұл жолда билік пен бұқара бірлесе әрекет етуі қажет. Түркиялық сарапшылар Қазақстандағы реформаларға қатысты осындай пікірде. Осы аптада өтетін саяси науқан ел тарихындағы тағы бір маңызды шара.
Юксель Өзкан, «Түркия ұлы» ұлттық мәжілісінің депутаты:
Келер жылы Түркияның 100 жылдығын атап өтеміз. Бізде де демократиялық қоғам құру жолында шешілмеген көптеген мәселелер бар. Ал қоғамның үніне құлақ түру, халықтың көзқарасын ескере отырып реформа жасау оңай емес. Сондықтан Қазақстанның жүзеге асыра бастаған реформалары барлық түркітілдес елдер үшін үлгі боларлық сипатта.
Месут Кара Көсе, «Сахипкыран» саяси зерттеулер орталығының басшысы:
Қазақстанда сайлауға байланысты, жергілікті өзін-өзі басқару тәсілдеріне қатысты ерекше реформалар жасалып жатқанын көріп отырмыз. Бұған дейін де Қазақстан бірқатар демократиялық бастамалары арқылы өзіндік жолымен дамып келе жатқанын білеміз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10