Петропавлдағы жарылыстан жарақат алған 5 адам ауруханада жатыр
Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында болған жарылыстан жарақат алған 5 адам ауруханада емделіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр. Қалған төртеуіне алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Естеріңізге сала кетсек, кеше кешке техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. Ғимараттың қабырғалары құлап, терезелері сынған. 10 авто көлік зақымданған. Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Алдын-ала болжам бойынша, көліктердің біріне орнатылған газ құрылғысы жарылған. Апат себебі анықталуда. Аталған дерек бойынша полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Эльмира Каленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азаматтардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі артып келеді
07.08.2026, 20:00
Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды
07.08.2026, 19:58
Мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 19:55
Трамп екі қаулыға қол қойды
07.08.2026, 19:53
Тамызда еңбек кодексі өзгереді
07.08.2026, 19:51
Мектеп формасына жаңа талап: Ата-аналар нені білуі керек?
07.08.2026, 19:48
Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау ұсынылды
07.08.2026, 19:47
Мемлекеттік білім грант иегерлері тізімі жарияланды
07.08.2026, 19:46