Азаматтардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі артып келеді
Қазақстандықтардың қоғамдық-саяси және сайлау процестеріне атсалысу белсенділігі артып келеді. Бұл шілденің 16-сы мен 26-сы аралығында әлеуметтану зерттеуін өткізген Еуразиялық интеграция институтының мәлімдемесі.
Зерттеу нәтижесі бойынша, респонденттердің 70 пайызға жуығы Құрылтай сайлауынан кейін өмірінде жақсы өзгерістер болатынына үмітті. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқандардың 50 пайызға жуығы сайлаудың әділ өтетініне сенімді. Тұрғындардың 70 проценттен астамы дауыс беруді өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Ал, респонденттердің 70 пайызы жүргізіліп жатқан саяси реформаларды маңызды деп есептейді. Сондай-ақ, 30 пайыздан аса адам дауыс беруді өзінің ажырамас демократиялық құқығы деп таңдаған. Айта кетейік, жаппай сауалнамаға Қазақстанның 17 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 4 000 адам қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы